РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»
sportodagy@gmail.com
г. Астана, пр. Тауелсиздик, 57, офис 425
(Дворец Мира и Согласия)
РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»

⚜️Ұлттық домбыра күні аясында Қостанай қаласында мерекелік шара өтті. Домбыра күнінде қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері дәріптеліп, киіз үйлерге тұрмыстық заттардан көрме қойылды.
🤲 Халқымыз кез келген игі бастаманы батасыз бастамаған. Домбыра думанының батасын Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілі, Аймағамбет қажы атындағы облыстық мешіттің бас имамы Бақытбек қажы Тәжімбет @bakytbek_tajimbet берді.
🇰🇿 Өкіл имам тәуелсіздіктің арқасында қайта қауышқан ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүрлеріміз жайлы сөз қозғап, қазақ тарихындағы домбыраның, қобыздың ерекше рөліне тоқталды. Көпшілікке бата беріп, елдің амандығын тіледі.
🥳 Дүбірлі шараға жиналған жұртшылыққа шашу шашылып, одан әрі облыстық, қалалық мәдениет мекемелерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
🎼 250 домбырашы тізе қосып, 7 күй орындады. Бұл акция барлық қалалар мен аудандарда өтіп, облыс орталығында қорытындыланып отыр.
🎯 Өкіл имамның осындай игілікті шараға қатысып, сөз сөйлеуі, бата беруі — дәстүрді дәріптеуге, домбыраны насихаттауға қатысты кейбір күмәнді әңгімелерді сейілткені анық.
❗Асыл дініміз ата дәстүрімізді нығайтуға жұмыс істегенде ғана, біз ұлт ретінде ұйысып, қазақы болмысымызды сақтап қалатынымыз сөзсіз.
🔥 Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Ұлттық дәстүрлеріміз ұлықтала берсін!

Фото: «Instagram»


Источник: instagram.com

Генеральный партнёр – АО «ФНБ «Самрук Казына»

Партнёр  – Фонд поддержки спорта Sport Qory

Leave A Comment