РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»
+7 (700) 9653210
sportodagy@gmail.com
г. Астана, пр. Тауелсиздик, 57, офис 426
(Дворец Мира и Согласия)

«Қажымұқан жолы». Қаланың орталығында осындай атаумен бәсекелі турнир өтті. Жауырыны жерге тимеген қазақтың батыры Қажымұқан Мұңайтпасұлының атына берілген сайыс танымал қазақстандық спортшы, қазақ балуандарының дәстүрін жалғастырушы, темірді саз балшықша илейтін алып Сергей Цырульниковтың ұйымдастырумен өтті. Бұл еліміздегі 18-ші турнир екен.

СЕРГЕЙ ЦЫРУЛЬНИКОВ, әлемнің бірнеше дүркін рекордшысы:

– Турнир 2015-жылдан бері өткізіліп келеді. Бұрын “Батырлар сайысы” деп аталатын. Барлық сайыстар қазақтың батыры Қажымұқанның өмірбаянын сипаттайды десем болады. Турнирге қатысам деушілердің саны көп болды. Дегенмен, жарыс кезеңдері қара күшті талап етеді. Қазіргі қатысып жатқан жігіттердің дені – кәсіби спортшылар.

Дүбірлі сайысқа өңіріміздің ең мықты деген 8 жігіті қатысты. Тіпті жас ерекшеліктері де сыналмады. Әрқайсысы тау қопарардай жалындап тұр. Қатысушы батырлар аттары аталып ортаға шығуда.

Күш атасы Қажымұқанның атындағы бұл турнир қарапайым сайыстардан тұрады, дегенмен өжеттілікті талап етеді. Алғашқысы 60, 70, 80, 90 келілік құм салынған қаптарды көтеруден басталды. Қажымұқан Мұңайтпасов өз заманында 60 келілік қапты 14 жасында оп-оңай еңсеріпті. Қазіргі кездің палуандары да оңай берілер емес.

Турнир қатысушылары түрлі салмақтағы 4 қапты 1 минуттың ішінде көтерулері керек. Көтергенде бастан асырулары қажет.

ДАВИД ПИМЕНОВ, турнирге қатысушы:

– Менің спортта жүргеніме 10 жыл болды. Бүгінгі жарысқа өз қалауыммен қатысып жатырмын. Сайыстар шоуға толы десем болады. Бұрын-соңды болмаған жарыс түрлерінен күш сынасамыз. Жақсы дайындалып келдім.

Сонымен, 60 келілік қапты еңсеру оңай болған сыңайлы. 70 келі де бағындырылды. 80-дікке келгенде петропавлдық Давид Еленов топ жарды. Ал 90 келі қапты көтеруге ешкімнің шамасы жетпеді.

Сайысты тамашалай келген дүйім жұрттың қарасы қалың. Қызықты да тартысты жарыстан алған әсерлерін ортаға салды.
Жерлестеріміздің өнерін көруге келдім. Жарыстың атауының өзі ерекше. Турнир тартысты өтіп жатыр.

Спорттық жарыс әрі қарай “табиғи тасты еңсеру”, “темір майыстыру” сайыстарымен жалғасты. Бәсекелестерін тізе бүктірген білекті кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Источник: mtrk.kz

Генеральный партнёр – АО «ФНБ «Самрук Казына»

Партнёр  – Фонд поддержки спорта Sport Qory

Leave A Comment