РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»
+7 (700) 9653210
sportodagy@gmail.com
г. Астана, пр. Тауелсиздик, 57, офис 426
(Дворец Мира и Согласия)

Павлодар тұрғыны Қажымұқанның белгілі жаттығуын қайталап, «Batyrs’ Battle» жеңімпазы атанды

Павлодарлық Сергей Лаптев табиғи тас пен бөренені көтеру жаттығуында мықтылығын көрсетті деп хабарлады turkystan.kz.

Финалда ол қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атағын жеңіп алды.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жарыс өңірдің мықты спортшылары арасында өтті. Ұйымдастырушылар қатысушылар үшін өз уақытында Қажымұқан Мұңайтпасұлы орындаған жаттығуларды дайындады.

«Бұл – алтыншы турнир, мақсаты – ұлттық күш мәдениетін дамыту және біздің ұлы балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алу. Осындай жарыстар Ақтөбе облысында, ШҚО, Түркістан облысында, Астанада, Көкшетауда өтті», – деді қазақстандық спортшылар одағының төрағасы Азамат Қарлығашев.

Айта кетейік, бағдарламада 60-70-80 және 90 кг қаптарды, 150 кг бөренені, 120 кг табиғи тасты уақытқа көтеру, арматураны бүгу және финалда белбеу күресі болды.

Источник: turkystan.kz

Генеральный партнёр – АО «ФНБ «Самрук Казына»

Партнёр  – Фонд поддержки спорта Sport Qory

Leave A Comment