РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»
+7 (700) 9653210
sportodagy@gmail.com
г. Астана, пр. Тауелсиздик, 57, офис 426
(Дворец Мира и Согласия)

Достар, балалар мен жасөспірімдің спортпен тегін шұғылдана алатын қаламыздағы орындары туралы жаңа айдарымызды бастағымыз келеді.

Сондай орындардың бірі ретінде Нұрсұлтан қаласы Василий Бартольд 54 мекен-жайы бойынша “ProFit” спорт клубына тиесілі “Астана “ABC” еркін күрес секциясын айта аламыз.

Аталған секцияда 7 жастан 17 жасқа дейінгі балалар еркін күреспен айналысады. Сабақтар аптасына 3 рет, әр күні 2 реттен өтеді. Күн сайын жаттығуға 80-ге жуық бала келеді.

Сабақтарды Рустам Экажев атты еркін күрестен спорт шебері өткізуде.

Біз әріптестерімізбен аталған жерге барып, балалардың спортқа деген ынта-жігеріне тәнті болдық.

“ProFit” спорт клубын Солсанов Курейш Баширович өз қаражатына салған әрі ішін жабдықтау, жаттықтырушыларға жалақы төлеу және жаттықтырушылар мен балалардың өзге жерлерге іс-сапарлық/оқу-жаттығу жиындарына арналған шығындарын да өз мойнына алған.

Балалар қаланың әр ауданынан келе алады. Рустама Экажев біраз шәкірті қазіргі күні ел чемпиондары қатарынан көрініп үлгерген.

Біз өз кезегімізде балалардың спортпен тегін шұғылдана алатыны үшін осындай тұлғаларға алғыс білдіреміз.

“Астана “ABC” еркін күрес клубының жаттықтырушылары мен оқушыларына толағай табыстар тілей отырып, бұдан да биік белестерден көрінулерін тілейміз!

Leave A Comment