РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»
+7 (700) 9653210
sportodagy@gmail.com
г. Астана, пр. Тауелсиздик, 57, офис 426
(Дворец Мира и Согласия)

Қазақстандық Спортшылар Одағы (ҚСО) Алматы қаласы Әуезов ауданындағы  №127 мектеп стадион  аумағында педагогикалық колледжге арналған жанама құрылыс мәселесіне алаңдатаушылық білдіреді.  

Одақ төрағасы Азамат Карлығашев спорт обьекттеріне берілген ортақ нысандарды қысқарту арқылы білім алу ордаларын көбейту қате шешім екенін баса айтты.

Келісімсіз жасалатын мұндай оқиғалар салауатты өмір сүру мәдениетін көтеру жолындағы әрекеттерді жоққа шығарады“, – деді сөзінде.

Сонымен қатар, оның айтуынша бұл мәселеде көпшілік пікірі маңызды әрі жалпы спортты дамыту амалдары тіркелу керек.

Одақ педагогикалық колледждің жанама құрлысын сол аумақтағы тұрғындар, спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанушы адамдардың пікірімен санасу арқылы жүргізу керек деп есептейді“, – деген еді Азамат Карлығашев.

Алматыда бұқаралық спорттың түрлері жоғары сұранысқа ие. Оған қоса, жергілікті халық таза ауадағы және қолжетімді обьекттерін, жүгіру, серуендеу орындарын қажет етеді”, – деп сөзін жалғады.

Спортшылар Одағы бұл мәселені көтерген тұрғындармен, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетімен байланыста әрі Алматы қаласының Әкімшілігімен бірлескен жұмыстарға дайын.

Leave A Comment