РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»РОО «Казахстанский Союз Спортсменов»
+7 (700) 9653210
sportodagy@gmail.com
г. Астана, пр. Тауелсиздик, 57, офис 426
(Дворец Мира и Согласия)

Құрметті БАҚ өкілдері, “Қазақстандық спортшылар одағы” Республикалық қоғамдық бірлестігі 2021 жылдың 7 сәуірінде сағат 11:00-де  Қажымұқан кентінде (Ақмола облысы)  Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған іс-шара өтетінін хабарлайды.

Іс-шара аясында болашақ спорт залының іргетасына капсула салу рәсімі өтеді. Спикерлер ретінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мүсралимова, дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев және “Қазақстандық спортшылар одағы” РҚБ төрағасы Азамат Қарлығашев қатысады.

Салтанатты рәсімнен кейін Сіздерді күш жаттығулары бойынша әлемнің төрт дүркін рекордшысы Сергей Цырульниковтың Гиннестің жаңа әлемдік рекордын орнатуына куә болуға шақырамыз. Сондай-ақ, бұл күні қазақ күресінен облыстық турнир өтеді.

Leave A Comment